- Маған ЭКСПО-ға барамыз дегенде қатты қуандым. Өйткені маңызы жоғары шараны өз көзіммен көру мүмкіндігіне ие болғанмын. Ал ЭКСПО-ға келер болсақ, маған Жапония мен Корей елдерінің павильондары қатты ұнады. Жапон елінің павильоны үш залдан тұрады екен. Біріншісінде жаңа технологиялар, екіншісінде әдемі мониторлар мен смартфондар арқылы Жапон елімен таныстырады. Ал үшіншісінде Моризо және Киккоро есімді кейіпкерлер қойылған. Олар келушілерге экологиямызды таза ұстау қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Ал Корея Республикасының павильоны көрмедегі ең үлкен зал сияқты. Екі қабаттан тұрады екен. Ол жерде жаңа технологиялар қойылған. Ерекше жасалған суретті шоу мен лед экрандар мені тәнті етті. Ал екінші залдағы сумен жүретін машина және арнайы планшеттер арқылы ойналатын орман да қатты ұнады. Бұл елдің павильонында да табиғатты қорғау қаншалықты маңызды екені айтылады. Маған көрме қатты ұнады. Сондай-ақ басқа елдің азаматтарымен тілдесіп, суретке түстік. Байқағаным қай елдің павильонына барсақ та бізді қазақша қарсы алып жатты. Араб елінің көрмесі де жақсы екен. 2020 жылы Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін ЭКСПО көрмесі мен Марс ғаламшарына вертуалды саяхат жасадық. Сондай-ақ күннен энергия алатын саябақты көре алдық. Болашақтың энергиясы тақырыбын жан-жақты көрсете білген араб елдерінің азаматтары бізге араб тілінде аттарымызды жазып берді. Ал шар тәрізді жасалған «Нұр әлем» деген павильонда еліміздің барлық әдемі жерлері мен тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылған. Мен ЭКСПО-ға барғаныма мақтанамын.