«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» МЕЙІРІМДІЛІК АКЦИЯСЫ

09.08.2017

Жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» Республикалық ақциясы биылғы жылы «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен өтеді.

        Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Осы мақсатта мектебімізде акция жалғасын тапты. Бүгінгі күні мектеп әкімшілігінің қолдауымен 1-ші сыныпқа алғаш келетін 5 бүлдіршінге оқу құралдары толық жиналған портфельдер сатып алынды. Олар көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына  табыс етіледі. Сонымен қатар мектебімізде демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетілетін кез келген көмекті қабылдайтын пункті жұмыс істеуде.

       «Мектепке жол» акция аясында Зеленобор селолық округі бойынша Зеленобор  мектеп-гимназиясының  әкімшілігінің, полиция қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен педагог-психолог, әлеуметтік педагогтың қатысуымен рейдтік шаралар өткізілуде. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты - материалдық көмекті қажет ететін отбасыларды айқындау және қолдау көрсету. Зеленобор мектеп-гимназиясының әкімшілігі материалдық көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуге тілек білдірушілерді республикалық акциямызға қатысуға шақырады.

2017 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында азаматтардың жүгінуіне мектебімізде «ыстық желі» жұмыс істейді:  74 – 2 – 71, 74 -0– 92.

Әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобының әрбір баласының мектепке барар жолы ең бақытты және жарқын болуына,  оларға атаулы көмек дайындауда және қамқорлық танытуда әрқайсымыз азаматтық белсенділік көрсетейік!

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст