«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шаймуратова Анель 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың облыстық конкурсының жеңімпазы

27.11.2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспары бойынша 2017 жылдың 19-21 қараша күндері аралығында Көкшетау қаласы, №3 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының базасында 8-11 оқушылары арасында ғылыми жобалардың облыстық конкурсының ІІ кезеңі өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қабілеттері мен талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдауды ынталандыру, Қазақстан Республикасының

зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Байқауға облыстың 16 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 261 жас зерттеушілер қатысты. Байқау нәтижесінде біздің мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Шаймуратова Анель І орынды жеңіп алды. Осы жеңісімен Анелді шын жүректен құттықтаймыз. Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст