2018 жылдың 30 қаңтар күні Зеленобор мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері Жүздібаева Шолпан Боранбаевна мен Шарафутдинов Ринат Галиевич педагогикалық ұжыммен коучинг өткізді.
Коучингқа қатысушы мұғалімдер жұмыс микротоптарына бөліп, әрбір топқа Жолдауда белгіденген негізгі 10 бағыт таратылды. Әр топ өздерінің кіші топтарында берілген бөлімдерді оқып, талқылау жүргізді. Талқылау барысында берілген бағыттардың негізгі міндеттерін айқындап, ортақ шешімге келе отырып постерлер құрастырды. Одан әрі әр топтан бір-бір спикер шығып өз бағыттары бойынша дайындаған постерлерді қорғады, коучингқа қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
Коучинг өткізуші тарихшылар, Жолдауда әлеуметтік саясатқа, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, адами капиталдың сапасын арттыруға басты назар аударылғанын атап өтті. Сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау салаларында, тұрғын-үй саласында көптеген өзгерістер қарастырылып жатқанын белгіледі. Бұл - кезең-кезеңмен көшу үш тілде білім беру, "Барлығына арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасын іске асыру.
Коучинг соңында сызу және сурет пәні мұғалімі Зенкова Виктория Владимировна Жолдау бойынша пікірімен бөлісті: «Мені қызықтырған бағыт – жетінші бағыт «Адами капитал – жаңғыру негізі». Бір қуантатыны сандық білім беру ресурстарын дамыту бойынша жұмыстардың жалғасуы, мектептерімізді кең жолақты Интернетке қосу мен бейнеқұралдарымен қамтамасыз етілетіні. Өйткені сабақтарымызда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлай отырып, өздігінен жұмыс жүргізе білуге үйретеу үрдісінде АҚТның қосатын үлесі зор.
Қорыта келе Президенттің Жолдауындағы « Біздің басты күш – қуатымыз- бірлікте. Біз Қазақстанды келешек ұрпақ үшін одан да гүлденге н мемлекетке айналдырамыз!" деген сөздері жемісті жұмысқа және қазақстан халқының бірлігінің нығайя түсуіне серпін береді.