«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы жолдауының міндеттерінің бірі – оқушыларға жүктемені азайту

05.02.2018

15 қаңтарда Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринова оқушылардың жүктемесін төмендету мәселесіне түсініктеме беріп өтті.

Президент Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Қазақстандағы оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін атап өтті. Мемлекет басшысы оны төмендетуді тапсырды.

Шолпан Каринова брифинг барысында ҚР БҒМ оқушыларға жүктемені азайту бойынша жүйелі әрі мақсатты бағдарланған жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. 2017 жылдың сәуір айында «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрық қабылданды. Соның нәтижесінде, бүгінде балаларға арналған үй тапсырмалары ⅓ қысқартылды.

Сонымен қатар Ш. Каринова бұйрық білім берудің барлық деңгейлерінде және әр пән бойынша нақты нормалар көрсетілгенін айтты. Үйде орындалатын оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы керек. Оқушыларға жүктемені азайту жұмыстары жалғастырылып жатыр. Бүгінгі күні бұл мәселені педагогикалық қоғамдастық кеңінен талқылауда. Санитарлық талаптарға бес жұмыс күніне сай келетін нормалар енгізілді. Қазір министрлікте оқушының апталық жүктемесін азайту бойынша жұмыс тобы қызмет көрсетеді.

 

  https://primeminister.kz/kz/news/all/nagruzka-na-uchenikov-budet-sokrashchena-sh-karinova-15891

 

 

Просмотров: 501


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст