«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назар аударыңыздар конкурс!

30.11.2022

Акмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Зеленый бор

ауылының мектеп –гимназиясы" КММ-де педагог лауазымына тағайындау конкурсын өткізу

2022 жылдың 15 желтоқсанда өтеді.

Ескертпе: конкурсқа қатысу және оны өткізу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Талап етіледі:

1.Орыс тілінде оқытатын қазақ тілі, әдебиеті мұғалімі (1 бос орын);
2.Орыс тілінде оқытатын ағылшын мұғалімі (1 бос орын);
3.Орыс және қазақ тілдерінде  оқытатын информатика мұғалімі(1 бос орын);
4.Орыс тілінде оқытатын орыс тілі, әдебиеті мұғалімі (1 бос орын);
5.Орыс тілінде оқытатын математика  мұғалімі (1 бос орын);

 Келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст