Текст
Ақмола облыстық Мәдениет басқармасының қолдауымен, әрі Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген бірлігі жарасқан берекелі, өнерлі отбасыларын дәріптеу мақсатында «ӨНЕРЛІ ШАҢЫРАҚ» фестиваль – байқауы болып өтті. Облыстық фестиваль – байқауында мектебіміздің математика және еңбек пәнінің мұғалімі Сакенова Мейрамгуль Шакировна өз жанұясымен ауданымыздың намысын қорғап, "Зейінді отбасы" номинациясына ие болды.
Құттықтаймыз және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!