«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі  Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия села Зеленый бор отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области»

Біз инстаграмдамыз

Схема проезда

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жылдық шығармашылық концерт

24.02.2025

Жылдық шығармашылық концерт

Ақпан айының  11 күні ауылымыздың мәдениет үйінде мектеп оқушыларының және мұғалімдердің  ата-аналарға арналған жылдық есеп беру концерті өткізілді.Концертте мектептің жыл бойы өткізілген айтулы күндерге, мерекелерге орай өткізілген концерттерден үздік музыкалық нөмірлер көрсетілді.Атап айтсақ, Білім күні, ұстаздар мерекесі ,Тәуелсіздік күні, Республика күні, Наурыз мейрамы, сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күні және Жеңіс күні тақырыптарына байланысты музыкалық туындылар көрсетілді. Музыка сабағынан тыс мектебімізде оқушылардың сабақтан бос уақытына  шығармашылық музыкалық үйірмелер ұйымдастырылған. Олар: домбыра үйірмесі, хор және вокал үйірмесі. Сол үйірме жұмыстарының қаншалықты сапалы екендігін және есебін осы іс-шарада көрсете алдық.Концертте көрсетілген  музыкалық шығармашылық  нөмірлерде  әр түрлі музыкалық жанрды қамтыдық. Әсіресе мектептен ұйымдастырлған екі хор ұжымы тамаша өнерлерін көрсетті. Жалпы алғанда осы іс- шараға  мектебіміздің 110 оқушысы қатысты. Қорыта айтқанда ата-аналарға және ауыл тұрғындарына оқушыларымыздың музыкалық бағыттағы тамаша өнерлерін көрсете білдік деп ойлаймын. Себебі концерттен кейін көрермендер өздерінің жақсы көңіл күйлерімен бөлісті.

Музыка пәнінің мұғалімі: Рахимжанова Шынар Кожабековна

Просмотров: 622


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст